Анар Мешімбаева екі айдан бері Астананың осы Есіл аудандық сотының табалдырығын тоздырып жүр. Бұған дейінгі отырыстарда өзін сенімді ұстап келген экс-шенеунік бүгін де қобалжи қойған жоқ. Үкімді тыңдауға келген қызы да жылы жымиып қана отыр.
Қуықтай сот залында бүгін деине шаншыр жер болмады. Өйткені, бұл атышулы «статистер ісініне» қатысты соңғы отырыс. 32 томға арқау болған материалмен 2 айда танысқан сот бүгін үкімді не бары 5 минутта оқып шықты.
Ақмарал Исаева, Есіл аудандық сотының судья:
-Анар Мешімбаева Қылмыстық кодекстің 176-шы бабы бойынша кінәлі деп танылсын. Дүние-мүлкін тәркіленіп 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, 5 жылға дейін мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырылсын.
Алайда, Мешімбаева да, оның қорғаушысы да мұнымен келіскен жоқ. Ертеңнен бастап апелляциялық шағым дайындамақ.
— Келісесіз бе үкіммен?
— Жоқ. — Өзіңізді кінәлі деп санайсыз ба?
–Жоқ.
Ботагөз Бейсембаева, адвокат:
-Әрине, әлі де арызданамыз. Қылмыс дәлелденген жоқ деп есептеймін. Оның үстіне менің қорғауымдағы Мешімбаева өзінің кінәсін мойындамай тұрса неге мен қол қусырып қарап қалуым керек?
Жапы,Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бес жыл бұрын қозғалған. Тәртіп сақшылары шетелге қашқан Мешімбаеваны ұзақ іздеп, тек былтыр Мәскеуде қолға түсірген еді.
Бірақ,экс-шенеуніктің өзі осы күнге дейін шетелге қашқан жоқпын, ақшаны ұрламадым деуден жалыққан емес. Процес барысында оның бұрынғы орынбасарлары, қазір абақтыда жазасын өтеп жатқан Нұрман Баянов, Бірлік Мендібаев және «Киік» фирмасының құрылтайшысы Серік Тұржанов та басшыларын қорғап, түсініктеме берді. Тіпті Мешімбаева ісіне БҰҰ-дағы әріптестері де араласып, оны босату туралы Елбасының атына хат жолдаған болатын.
—Алайда, Мешімбаева тағдырына мұның бірі де араша бола аламады. Прокурор оның 2009 жылы ұлттық санаққа бөлінген 758 миллион теңгені сыбайластарымен бірігіп жымқырғанын дәлелдеп шықты. Енді экс-шенеунік 7 жылын темір торда өткізеді. Бар дүние-мүлкі тәркіленген Мешімбаева жәбірленуші тарапқа, яғни Статистика агенттігіне жарты миллион теңге көлемінде материалдық өтемақыны да төлеуі тиіс.