Анар Мешімбаева 8 жылға абақтыға жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анар Мешімбаева  8 жылға абақтыға жабылуы мүмкін

Анар Мешімбаева 8 жылға абақтыға жабылуы мүмкін

Астанада Статистика агенттігінің экс-төрайымына қатысты сот аяқталуға жақын.

  • 13 Ақпан 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz


Сот 32 томға арқау болған атышулы істі екі айдай қарап барлық куәгерлерді тыңдап шыққан. Ал бүгін прокурор айыпталушының дүние-мүлкін тәркілеп 8 жылға абақтыға жабуды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы, ұлттық санаққа бөлінген 800 миллион теңге қазына қаржысын Мешімбаеваның  сыбайластарымен ұрлағаны толық дәлелденді деп отыр. Алайда, статистика агентігінің бұрынғы басшысы кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Үкімді сот енді алдағы жұмада шығаруы тиіс.