Анар Мешімбаева жазасын толық өтейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анар Мешімбаева  жазасын толық өтейтін болды

Анар Мешімбаева жазасын толық өтейтін болды

Анар Мешімбаеваға кесілген жаза өзгеріссіз қалды. Бүгін Астана соты  Статистика агенттігінің бұрынғы басшысының кассациялық шағымына қатысты осындай шешім шығарды. Алайда оның адвокаты Ботагөз Бейсенбаева: «Мұнымен шектелмейміз, енді Жоғары сотқа арызданамын»  деп отыр. 

  • 15 Тамыз 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz


Астана соты биыл ақпанда Статистика агенттігінің бұрынғы басшысын  7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Мешімбаева содан бері қайта-қайта апелляциялық шағым жазып, түбі ақталып шығатынынан үміт үзбей келеді. Ол сыбайластарымен бірлесіп  2009 жылы ұлттық санаққа бөлінген 800 миллион теңгеге жуық қазына қаржысын жымқырды деп айыпталған болатын. Экс-шенеунік бастапқыда он ай Астанада уақытша тергеу қапасында отырып, осыдан екі ай бұрын ғана  Алматы облысындағы әйелдерге арналған «Жауғашты»  түрмесіне ауыстырылды. Қорғаушысының айтуынша, қазір Мешімбаеваның көңіл-күйі жақсы. «Басына түскен қиындықты жеңіп шығуға оның күш-жігері  жетеді», — дейді адвокат.