Жарияланды: 370

Анасының бетіне торт жаққан атышулы баланың кім екені белгілі болды (ВИДЕО)

Анасының бетіне торт жаққан атышулы баланың кім екені белгілі болды (ВИДЕО)

Анасының бетіне торт жапсырған баланың кім екені анықталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы өзбекстандық Nuz.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен аптада егде жастағы әйелдің бетін тортпен ұрып, желіні шулатқан жас жігіт қызу талқыға түскен болатын.

Осылайша ол елдің сынына қалған еді. Жас жігіт Өзбекстан Республикасының азаматы болуы мүмкін. Себебі бүгін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі TikTok қолданушыларына бейне ескерту жасады. Аталған бейне ескертуде әлгі баланың да оспадар әрекеті көрсетілді. Сол себепті көпшілік бозбаланы өзбекстандық болуы мүмкін деп болжауда.
 

Ал Өзбекстан Республикасының ішкі істер министрлігі былай деді:

"Кейінгі кезде қоғамда жағымсыз тенденция етек жаюда. Әсіресе жастар арасында өзіне назар аударту үшін түсірілетін түрлі жөнсіз видеолар мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын көріністер ТikTok платформасында көбейіп барады.

Құрметті жастар мен ата-аналар сіздердің қоғамға зиян келтіретін әрекеттеріңіз бен жақындарыңызды мазақ ету әрекеттеріңіз жалғаса береді деп ойламаңыздар! Азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамау қарастырылған. Тәртіп сақтап, шектен шықпауларыңызды ескертеміз", - деді Өзбекстанның ІІМ баспасөз жетекшісі Шохрух Гиясов

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін