Android платформасын құрушы Энди Рубин Google-дан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Android платформасын құрушы Энди Рубин Google-дан кетті

Android платформасын құрушы Энди Рубин Google-дан кетті

Android платформасын құрушы Энди Рубин роботехника саласында стартаптарға арналған жеке инкубатор құру үшін Google-дан кетті.

  • 31 Қазан 2014
  • 474
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Lenta.ru The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Рубин Android-тың негізін қалауға атсалысқан. Оны 2005 жылы Google компаниясы сатып алған еді. 2013 жылға дейін осы мобильді платформаның   интернет-компаниясы аясында жетекшілік еткен.   

Алайда 2013 жылдың наурыз айында бұл қызметтен кетіп, Google-дың өзге бірқатар жобасымен айналысқан. Рубиннің басқаруымен Google роботехника саласындағы портфолиосын кеңейтті. Ол 2013 жылдың желтоқсанында  Boston Dynamics және 2014 жылдың сәуірінде Titan Aerospace компанияларын сатып алған.