Англия Әблязовтың сыйбайласына 1,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Англия Әблязовтың сыйбайласына 1,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды

Англия Әблязовтың сыйбайласына 1,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды

Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовтың әйелінің ағасы Сырым Шалабаевты 1,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды БТА банктің баспасөз қызметі.

  • 29 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz



«Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовтың әйелінің ағасы Сырым Шалабаевқа 18 айдан екі мерзімге бас бостандығынан айыру және 6 ай көлеміндегі тағы бір мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіледі. Сот шешіміне сәйкес, Шалабаев бұл мерзімдерді қамауға алынған сәттен бастап өтейді, осылайша, Шалабаевтың түрмеде отыратын жалпы мерзімі 18 айды құрайды», — делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Онда атап көрсетілгендей, сот шешімі БТА банк бастама көтерген және активтерді қайтаруға, бұрынғы басшылықтың әрекеттерінен келген шығынды өтеуге бағытталған сот дауы аясында шығарылды.

«Шалабаевқа бұл жаза оған 2010 жылдың қарашасында берілген сот шешімін сақтамағанына байланысты 2011 жылдың 17 мамырында сотты сыйламағаны үшін айыпты деп танылғаннан кейін беріліп отыр. Аталған бұйрыққа сәйкес, Шалабаев сотқа жымқырылған қаржының сақталу орны және өз активтері туралы ақпарат беруге тиіс болатын», — делінген ақпаратта.

БТА банкі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Шалабаев сот шешімін елемей, бұл бұйрыққа назар аудармаған, қазіргі уақытта соттан қашып жүр, заңгерлер оның қайда жүргенін білмей отыр».

«Егер Шалабаев Шалабаев өзінің және өз отбасы мүшелерінің тұрақты тұрғылықты жері – Ұлыбритания аумағында табылса, ол қамауға алынады», — делінген ақпаратта.

Бұл сот дауы шеңберінде БТА банк Шалабаевтың жүздеген миллион доллар ақшаны жымқыруға қатысы барын қуаттайтын салмақты дәлелдер жинаған. БТА-ның мәліметінше, бұл қаржыны банктің бұрынғы басшылығы алаяқтық жолмен жымқырып кеткен.

«Әблязовтың активтерін басқарудағы Шалабаевтың басты құпия қызметін дәлелдеу Әблязовқа қарсы сот дауларындағы соттың екі шешіміне негіз болды. Соттың шешіміне сәйкес, Әблязовтың сыртқы басқаруға берген активтерінің тізіміне 600-ден аса компания енді. Бұған қоса, БТА банк Әблязовты сотты сыйламағаны үшін жауапқа тарту және оған қамауға алу түрінде жаза белгілеу үшін сот амалын бастады», — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«БТА банк қайта құрылымдауға байланысты халықаралық кредиторларының алдындағы міндеттеріне сәйкес, алаяқтыққа қатысқандардың, банктен ұрланған қаржы мен активтерді жасыруда қолдау көрсеткендердің бәрінен шығынның өтемақысын талап ететінін тағы да қуаттайды», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Бұрын хабарланғандай, экс-банкир М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылдың басында, мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы БТА банкке кірген соң қозғалды. Мамандардың бағалауынша, М. Әблязов оффшорлар мен қамтамасыз етілмеген несиелердің көмегімен БТА арқылы Қазақстаннан $10 млрд-тан аса қаржы алып кеткен.

М. Әблязов қылмыстық іс қозғалғаннан кейін елден қашты. Әлембік БАҚ-тың хабарлауынша, экс-банкир Біріккен Корольдікте жүр.

Соңғы жаңалықтар