Жарияланды: 640

Англия М.Әблязовтың жымысқы дем берушілерінің бірін қамауға алуға ордер берді

Англияның жоғарғы соты БТА банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың жымысқы дем берушілерінің бірі - Сырым Шалабаевты қамауға алуға халықаралық ордер берді, деп банк баспасөз қызметінен хабарлады.

«Англияның жоғарғы соты Мұхтар Әблязовтың әйелінің ағасы Сырым Шалабаевты сотты сыйламайды деп тауып, соған байланысты оны қамауға алуға халықаралық ордер беріп, оған 2011-ші жылғы 20-шы маусымдағы сотта міндетті түрде қатуыға бұйрық берді. Сол отырыста оған қатысты оқшаулау шарасы анықталады», - делінген БТА банк жұма күні таратқан хабарында. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, сот шешімі БТА банк активтерін қайтару және бұрынғы банк басшылығымен келтірген шығындарды толтыруға бағытталып бастаған ағымдағы сот қарауы аясында шығарылды. Аталған тексеріс аясында БТА банк сотқа С. Шалабаевтың алаяқтық сұлбаларға қатыстылығы туралы көптеген дәлелдер келтірді. Сол алаяқтық арқылы банктен жүздеген миллион доллар қаражат ұрланған. Іс материалдарын қарап шығып, сот 2010-шы жылғы қарашада бұйрық шығарды. Онда С. Шалабаев ұрланған қаражаттардың қазір қай жерде екендігі туралы, сондай-ақ өзінің активтері туралы мәлімет тапсыруы тиіс болатын, дейді банк баспасөз қызметінен. Бірақ, сот шешіміне қарамай, С. Шалабаев соттың ондай бұйрығын елемегені себепті ол сотты сыйламады деп танылды. Істі қарап отырған судья С. Шалабаевқа қатысты түрмеге қамау шарасын қабылдамақшы екендігін мәлім етті. БТА банк тапсырған дәлелдер С. Шалабаевтың М. Әблязовтың активтерін басқаруда соттан жасырған негізгі рөлі барлығын көрсетеді. Осы мәліметтер негізінде сот М. Әблязовтың активтері қатарына сыртқы басқарудағы 600-ден астам компанияларды қосты, деп БТА банк баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен бірге БТА банк М. Әблязовты сотты сыйламағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы және ол сот бұйрығын үнемі бұзып отырғаны себепті қамауға алу туралы өтініш түсірді. «Өз кезегінде М. Әблязов сотта, С. Шалабаевпен ешқандай қатысым жоқ деп тұрып алды, оған БТА банк сотқа дәлелдер келтіріп, оның ішінде электрондық поштамен М. Әблязовпен жасап отырған байланыстарын келтіріп, С. Шалабаевтың М. Әблязовтың активтерін басқаруын жалғастырып отырғанын көрсетіп берді», - дейді баспасөз қызметінен. Бұрын хабарланғандай, экс-банкир М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009-шы жылдың басында, мемлекет «Самұрық-Қазына» арқылы БТА банк құрамына кірген соң басталды. Сарапшылардың бағалауынша, М. Әблязов оффшорлар мен кепілденбеген несиелер арқылы Қазақстаннан БТА банк арқылы $10 млрд-тай қаражатты сыртқа әкетті. М. Әблязов қылмыстық іс қозғалған соң елден сыртқа қашты. Әлемдік БАҚ-тардың хабарлауынша, экс-банкир Біріккен Корольдікте мекендепті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть