Anonymous хакерлері Ресейге қарсы "киберсоғыс" жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Anonymous хакерлері Ресейге қарсы "киберсоғыс" жариялады

Anonymous хакерлері Ресейге қарсы "киберсоғыс" жариялады

Anonymous халықаралық хакерлер желісі Ресей үкіметіне кибер соғыс жариялады. Бұл туралы белсенділер Twitter-де жазды.

  • 25 Ақпан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Anonymous ұжымы ресми түрде Ресей үкіметіне қарсы кибер соғыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, олар Ресейдің RT News үгіт-насихат станциясының сайтын жауып тастады", — делінген олардың хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта RT телеарнасының сайты қолжетімсіз.

РИА Новости мәліметінше, RT бейсенбі күні кешке сайттарына DDoS шабуылдары жасалғанын айтқан. Себебі, бұл сайттың шамамен 27 пайызы АҚШ-та орналасқан.

Бейсенбі күні кешке Кремль, Ресей үкіметі, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің сайттары да дұрыс жұмыс істемеді. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль сайты DDoS шабуылына ұшырамайды деп мәлімдеді.


 

 

Соңғы жаңалықтар