Әнші Бүркіт балаларының әкесі өзі еместігін алғаш рет ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Бүркіт балаларының әкесі өзі еместігін алғаш рет ашып айтты

Әнші Бүркіт балаларының әкесі өзі еместігін алғаш рет ашып айтты

Бүркіт пен Аиша жеке өміріне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады. Олар өз балаларының ата-анасы еместігін айтып, әлеуметтік желіге бейнеүндеу жолдаған.

  • 4 Қыркүйек 2022
  • 78
Фото - Caravan.kz

Жалпы, көпшілік Бүркіт пен Аишаның ортақ некесінде Зейін мен Омар есімді екі ұлы мен Сәфия атты бір қызының барын жақсы біледі. Ғаламторда тараған видеода танымал жұп некеде еместігін және үш баласының әкесі мен анасы басқа адамдар екенін ашық айтқан.

Негізі біз Аиша екеуміз үйленбегенбіз және балалар да біздікі емес. Көршінің балалары. Айтсаңшы,

— деді Бүркіт әйеліне қарап:

Отағасының бұл сөзі Аишаға аса ұнамағаны көрініп тұр. Десек те, жолдасының сұрағын жауапсыз қалдырмады.

Маған бәрібір деп айтсашы,


— деді Аиша салқын қабақ танытып.

Жұлдызды жұптың бейнежазбадағы әңгімесі көпшілікке де ұнай қоймаған. Өзінің отбасын әзілге айналдырған Бүркітті желідегі жұрт қатты сынап жатыр.

"Ойыннан өрт шығады", "Әйеліңіз мен балаларыңыз туралы бұлай жөнсіз қалжыңдауға болмайды", "Олай әзілдеудің қажеті жоқ",

— деп жазды оқырмандары.

Бүркіт бұл видеоны әуежайда оқырмандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түсірген.