Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Түркияның Анталья қаласында болған орман өртінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

  • 29 Шiлде 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

"Зардап шеккендер арасында біздің азаматтар жоқ. Консулдық жергілікті билікпен тұрақты байланыста", — деді Смадияров Sputnik Қазақстанға.

Анталья провинциясының Манавгат ауданында алапат орман өрті шықты. Түрік билігінің ақпаратынша, тілсіз жаудан кемінде 53 адам зардап шеккен.

Өрт жартылай ауыздықталды. Оны сөндіруге екі ұшақ, 15 тікұшақ, алты бульдозер және 106 өрт сөндіру көлігі тартылды.

NTV телеарнасы таратқан видеода қаланы қара түтін басқаны көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар