Антарктидада тарихта болмаған суық температура тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антарктидада тарихта болмаған суық температура тіркелді

Антарктидада тарихта болмаған суық температура тіркелді

Антарктидадағы жапониялық «Купол Фудзи» зерттеу стансасында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 91,2 градусты көрсетіп, жаңа рекорд орнатты,

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 461
Фото - Caravan.kz

 деп хабарлайды The Sunday Times. Жер бетінде бұрын-соңды мұндай төмен температура болмаған дейді ғалымдар.

 Ауа-райы өлшемін жер серіктері берген мәліметтерге сүйене отырып америкалық қар мен мұзды зерттеу орталығы анықтаған. Мамандардың мәліметінше, температураның рекордтық көрсеткіші теңіз деңгейінен 3720 метр биіктікте, желсіз, жауын-шашынсыз кезде орын алыпты.

Бұған дейін ең суық температура 1983 жылы тіркелген болатын. Ол кезде "Восток" кеңестік зерттеу орталығының маңында термометр Цельсий шкаласы бойынша -89,2 градусты көрсеткен еді, деп хабарлайды Baq.kz.