«Антигептил» қозғалысының мүшелері Елбасына өтініш жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Антигептил» қозғалысының мүшелері Елбасына өтініш жасады

«Антигептил» қозғалысының мүшелері Елбасына өтініш жасады

Республикалық «Шаңырақ» және «Антигептил» қозғалысы мүшелері

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 863
Фото - Caravan.kz

президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымырандарын ұшыруға тыйым салу мүмкіндіктерін қарастыруды өтінді.

«Біз бүгін мемлекет басшысына хат жолдадық. Онда Қазақстан аумағында гептил отынын пайдалануды тоқтатуды сұрадық», — деп бейсенбі күні «Антигептил» қозғалысы өкілі Махамбет Әбжан мәлім етті.

«Хаттың астына 1698 адамның қолы қойылды. Қолдаушылардың қолын www.avaaz.org сайты арқылы жинадық. Петицияға қазақстандықтар ғана емес, осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Венгрия және тағы да басқа елдердің азаматтары да қол қойды», — деп атап өтті ол.