"Антигептилдегі" жігіттердің бәрі шашырап кетті, ауызбіршілік болмады - Мұсағали Дуамбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Антигептилдегі" жігіттердің бәрі шашырап кетті, ауызбіршілік болмады - Мұсағали Дуамбеков

"Антигептилдегі" жігіттердің бәрі шашырап кетті, ауызбіршілік болмады - Мұсағали Дуамбеков

Азды-көпті наразылыққа қарамастан Өскеменде ядролық отын банкінің ашылғаны мәлім. «Антигептил» қозғалысының белді мүшесі Мұсағали Дуамбеков өте қауіпті отын сақтайтын банктің ашылуына халықтың тиісті деңгейде қарсылық көрсете алмағанына наразы.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 916
Фото - Caravan.kz

Белгілі эколог Caravan.kz порталы тілшісіне оның себептерін түсіндіруге тырысты.

Неліктен біздің қоғам кезінде ядролық отын банкінің ашылуына лайықты деңгейде қарсы тұра алмады, әлде экологтар тиісті деңгейде ақпарат беріп, ұйымдастыра алмады ма?

— Оны қоғамның азаматтық деңгейінің төмендігі дер едім. Ешкім ондай нәрселерге қарсы шығып, өздерінің ойларын айтқысы келмеді. Әйтпесе ядролық отын банкінің бізге қандай қажеттілігі бар? Тіпті биліктегілердің өздері де айтып отыр, яғни саяси ұпай бермесе таза экономикалық ұпай алып келмейді деп. Енді экономикалық пайдасы жоқ болса, біреудің қалдықтарын әкеп жинай берсе, ертең бүкіл террористердің бізді қорқытудың бір амалы болмай ма. Отындарың жатыр, қазір жарып жібереміз деуі мүмкін ғой. Сондықтан, оған экологтар да, басқа азаматтар да қарсы болуы керек еді. Бірақ оған азаматтардың деңгейі әлі жеткен жоқ.

Меніңше, кезінде отын банкіне экологтардың өздері де тиісті деңгейде қарсылық танытпаған секілді. Оған келісесіз бе?

— Әрине, келісемін. Экологтардың өздері де қазір күн көрудің қамымен бір майда-шүйде грант алса соған мәз болып, шапқылап жүрген азаматтар ғой. Мұндай тірлікке қарсы болу үшін бір жағынан жүрек керек, айбат керек, тәуелсіздік керек. Егер ол адамдар биліктегі белгілі бір гранттардан тәуелсіз болса мүмкін өз ойларын айтар еді. Ал олар керісінше министрліктен, мекемелерден грант алады да сонымен тып-тыныш отырады.

Old.pana-defenders.infoOld.pana-defenders.info

Өзіңіздің жазып, айтқандарыңыз есімізде.

— Мен үнемі жазғам. Өзіміз «Антигептил» қозғалысы болған соң бұл мәселеге бей жай қарай алмаймыз. «Антигептил» қозғалысының негізгі талабының бірі осы ядролық отын банкіне наразылық білдіру. Сол позиция әлі күнге дейін өзгерген жоқ. Себебі біреудің отындарын жинап алып қою ақылға сыймайтын дүние. Ол дегеніміз террористерге өгізге қызыл шүберекті көрсеткен сияқты нәрсе. Өзі қаланың ортасында зауыттың ішінде тұр. Жарып жіберсе бізге үлкен проблема.

Енді қауіптің бәрін шығыстан күте бер. Оның үстіне Өскемен орысша айтқанда «пороховая бочка».

Бір кездері ядролық полигонды жаптық. Сол кездегі жинаған ұпай жететін еді. Енді ядролық отын жинап саяси ұпай жинаймыз деу ақылға сыймайды.

Қазір отын банкі бос тұр. Енді соған сақтауға уран отыны жеткізілетін кезде қарсы шығып, наразылық танытасыздар ма?

— Енді оған ұйымдастырамыз, қарсы тұрамыз, оған шамамыз келеді деп ештеңе айта алмаймын. Қазір оған бас көтеретін жігіттер де қалмады. Мұндағы жігіттердің барлығы шашырап кетті. Ауызбіршілік жоқ. Сол «Антигептил» қозғалысының жігіттері де жан-жаққа кетті. Ұйымшылдық жоқ болып тұр.

Не себепті? Жұмыстың сәтсіз болғанына байланысты ма, әлде басқа себептері бар ма?

— «Антигептил» қозғалысының қойған негізгі мәселесі шешілмеді. Оған қоса біраз адам аймақтарға ауысты. Біреулері сотталып кетті. Митингке қатысуға болмайды деген сияқты түрлі шектеулер жігіттердің аяқ-қолдарын байлап тастады. Сондықтан нақты бірдеңе айту қиын.

2011 жылы Германияның Харлинген аумағы тұрғындары Франциядан жеткізілуі тиіс ядролық отын қалдықтарын әкелуге наразылық танытып, темір жолға жатып алды.2011 жылы Германияның Харлинген аумағы тұрғындары Франциядан жеткізілуі тиіс ядролық отын қалдықтарын әкелуге наразылық танытып, темір жолға жатып алды.

Жалпы отын қалай, немен тасмалданады?

— Отынды көбіне пойызбен тасмалдайды. Жапониядан сумен жеткізілісе, бері қарай пойызбен Ресей аумағы арқылы келуі мүмкін.

Европада, мысалы Германияда отын әкелер кезде тұрғындар темір жолды жауып тастап, қатты қарсылық көрсетіп жатады. Бізде қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам ондай қарсылыққа барады деп ойламаймын.

Бірақ, кім біліпті, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі артып, мүмкін тиісті наразылық та болып қалатын шығар.

 

Соңғы жаңалықтар