Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды

Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды

ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады.

«Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — деп атап өтеді комитеттің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалды.