Анжелика Варумның концертіне кіру үшін билет бопсалаған шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анжелика Варумның концертіне кіру үшін билет бопсалаған шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр

Анжелика Варумның концертіне кіру үшін билет бопсалаған шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр

Бастықтарына концертке билет сыйлап, жағамын деп қамалған шенеунікке қатысты сот басталды. Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Талғат Ақылбеков, Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертін ұйымдастырушылардан тегін билет талап еткен.

  • 21 Тамыз 2013
  • 311
Фото - Caravan.kz

«Алдыңғы қатардан 26 билетті қолға ұстатпасаң, концертті өткізу үшін облыстық драма театрының ғимаратын бермеймін» деп шорт кесіпті. Жарты миллион теңгенің билетін құлқыны кең шендіге қимаған кәсіпкер ақыры өзімен бірге қаржы полицейлерін ерте келген. Сөйтіп Ақылбеков өзінің кабинетінде ұсталған болатын. Іс ақпан айынан бері бүге-шігесіне дейін тергелген. Бірақ шенеунік кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Сот барысында тіпті концерттерге тегін кіру Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі шенділер үшін қалыпты жағдай екенін жеткізіпті.  


Н
ығмет Есіркепов, Т. Ақылбековтыңадвокаты:

Шақыру билеттерін облыс басшылары мен ВИП –клиенттерге тегін тарату үрдісі әкімдікте 7-8 жыл бұрын қалыптасқан. Бұған Ақылбековтың еш қатысы жоқ. Оған дейінгі басшылар да осылай жасаған. Бірақ ешкім де жазаға тартылған жоқ қой.