АӨСШК 4-саммитінің қорытынды құжаты Шанхай декларациясы қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АӨСШК 4-саммитінің қорытынды құжаты Шанхай декларациясы қабылданды

АӨСШК 4-саммитінің қорытынды құжаты Шанхай декларациясы қабылданды

 Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 4-саммитінің қорытындысымен  Шанхай декларациясы қабылданды.

  • 21 Мамыр 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглының қатысуымен шара қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатының барысында мәлім етті.

«4-ші саммиттің басты қорытындысы АӨСШК Шанхай декларациясы болғаны сөзсіз. Бұл құжат Форумды одан әрі дамытуға және қатысушы елдердің тиімді өзара іс-қимылына бағытталған», — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайдағы АӨСШК саммиті Кеңестің тарихындағы ғана емес, қазақстан-қытай қатынастарының көпғасырлық шежіресіндегі айтулы оқиға болып табылады, деп ерекше атап өтті.