Апамды қалай ақтасаңыздар да, дұрыс емес: Сәуле Әбединова Момышұлының келінін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апамды қалай ақтасаңыздар да, дұрыс емес: Сәуле Әбединова Момышұлының келінін сынға алды

Апамды қалай ақтасаңыздар да, дұрыс емес: Сәуле Әбединова Момышұлының келінін сынға алды

Бірнеше күн бұрын Ақтөбе қаласына келген этнограф-жазушы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова шалбар киген журналисті менсінбей, жергілікті журналистке сұхбат бермей қойған еді.  

  • 28 Қыркүйек 2018
  • 2897
Фото - Caravan.kz

Әріптесін қолдаған журналист Зейнеп Ахметованы сынап тастады. Бұл туралы ол өзінің Facebook  желісінде жазған болатын.

"ТВ журналистері эфирге қалай болса солай киініп шықса, ескерту жасауға, тіпті, ұрсуға да болатын шығар, өйткені оларда нақты түсірілім уақыты алдын ала белгіленеді. Ал газет, журнал маңайында жүретін журналистер таңертең автобусқа (не көлікке) барынша ыңғайлы киім киіп шығуды ойлайды, сол киіммен шапқылап жұмысқа жетеді, сосын не баспасөз мәслихатына, не сұхбатқа шапқылайды, бір жиыннан шығып, екінші жиынға не кездесуге үлгеруге тиіс күндер көп болады. Дресс код аса қажет ететін, тіпті, талап ететін жер болмаса, журналистер қауымына "менің қалауыммен, менің талғамыммен киініп кел" деп талап қою — апамды қалай ақтасаңыздар да — дұрыс емес. Мүмкін, ол журналист бүгін бірінші күн жұмысқа шығып, бірінші рет бастығынан тапсырма алып, бірінші рет әбден дайындалып, бірінші рет сұхбат алатынына мәз боп жеткен шығар ( бұл ситуацияны айтпаймын, жалпы, мысал ретінде айтып отырмын…) мүмкін, ол журналист — жұмыс іздеп тәжірибеден өтіп жүрген студент шығар… тіпті, мүмкін, ол журналистің басқа тәуір киімі жоқ, жағдайы жоқ шығар… 
Киімге қарап қарсы алып, киімді талқылайтын қоғам дәрежесінен өтіп, қашан өнер-білім-ғылымды осылай тартысты талқылар екенбіз?!…
Ал пост авторына айтарым, амандық болса, әлі талай кедергілер мен аяқтан шалулар болады, — ешқашан еңсеңіз түспесін! Ойларыңыз алымды, қаламыңыз қарымды болса, қаруыңыз шындық болса — адамдар сізді іздеп келетін болады. Іске сәт! Балапаныңыз сауығып кетсін!" — деп жазады Сәуле Әбединова.


 

Соңғы жаңалықтар