Апатқа ұшыраған малайзиялық "Boeing" ұшағы әлі табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған малайзиялық "Boeing" ұшағы әлі табылмай жатыр

Апатқа ұшыраған малайзиялық "Boeing" ұшағы әлі табылмай жатыр

Малайзиялық «Боинг-777» ұшағы осымен үшінші тәулік табылар емес. Бортында 239 адам бар әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін 2 сағаттан соң жоғалып кеткен болатын. Соңғы болжамға қарағанда, оған лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін.

  • 11 Наурыз 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Өйткені ұшаққа мінген 4 жолаушының жалған құжат пайдаланғаны білгілі болып отыр. Алғашында «Боинг» техникалық себеппен әуеде жарылуы мүмкін екені айтылған еді. Бірақ радар өшкен тұсы – оңтүстік Қытай теңізінің үстінен де, астынан да ешбір темір қалдығы табылмаған. Іздестіруге 46 кеме мен 34 ұшақ жұмылдырылыпты. Айта кетсек, «Malaysia Airlines» компаниясына тиесілі «Боинг-777» ұшағы өткен сенбіде Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған жолда ғайыптан жоғалып кеткен болатын. Бортында 12 экипаж мүшесінен бөлек, 14 елден 227 жолаушысы бар.

Хишаммуддин Хусейн, Малайзияның Көлік министрі:

-Қазір Қытайдан бөлек, халықаралық тергеу қызметтерімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Сарапшылар әуежайдағы әрбір камераның жазбасын тексеріп, онда болған әрбір азаматтың суретін жеке базадан өткізіп жатыр. Сол күні ауа райы өзгеріссіз болған, әрі «Боинг» таяуда ғана техникалық тексеруден де өткен еді.