Жарияланды: 370

Апатқа ұшыраған жас хоккейшілердің денсаулық жағдайы ауыр күйінде қалуда

Владимир Ефремов пен Әкежан Меңтаевтың денсаулық жағдайлары «қалыпты ауыр» күйінде қалуда, деп хабарлады өскемендік Ана мен бала орталығының дәрігерлері.

Дәрігерлер 3 желтоқсан күні ірі жол-көлік апатында зардап шеккен балалардың денсаулық жағдайларына қатысты қандай да бір болжамдар айтудан бас тартып отыр. Айта кетейік, бұл апатта 2 бала көз жұмған болатын. 10 жастағы Әкежан есін жиды, ал Володя ес-түзсіз қалуда. Оларға компьютерлік томография жасалды, барлық қажетті зерттеулер жүргізілді. Оларға бас миы мен ішкі құрылыстарының көптеген зақымы, бас сүйегі мен мидың жарақаты, субарахноидалды қан кету және т.б. диагноздар қойылуда. Балалардың оңалуы мен олардың одан арғы жағдайын ешбір дәрігер дөп басып айта алмауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін