АПК электр жабдықтар мен электр қуатын ұрлау деректерінің бетін ашу үшін "Энергодозор" атты рейд өткізді
Алматы. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Алматы Пауэр Консолидейтед" (АПК) қызметкерлері бүгін электр жабдықтар мен электр қуатын ұрлау деректерінің бетін ашу үшін "Энергодозор" атты рейд өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі АПК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Алматыда кейінгі кездері трансформаторлық кіші станцияларды немесе таратушы кіші станцияларды және кабельдік жәшіктерді бұзып кіру арқылы электр жабдықтарды ұрлау оқиғалары жиіледі. Мұндай оқиғалар "АПК" АҚ-ын айтарлықтай материалдық шығынға (егер 2007 жылы осындай оқиғалардан келген шығын көлемі 5 млн теңгеден асса, 2008 жылдың 8 айында 8 млн теңгеден асты) ұшырауда", -деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін