Жаңа планшеттердің тұсаукесері компанияның Калифорниядағы штаб-пәтерінде өтті, деп хабарлайды BBC.
Жаңа планшеттер iOS 8.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Оны Apple құрылғыларын пайдаланушылар дүйсенбіден бастап тегін жүктей алады.
Алдыңғы үлгідегі планшетке қарағанда 18% жіңішкерген жаңа iPad Air 2-нің қалыңдығы 6,1 мм. Бұл бүгінде әлемдегі ең жіңішке планшет болып табылады.
Жады 16 гегабайттық iPad Air 2 499 доллар, 64 Гб – 599 доллар, 128 Гб – 699 доллар тұрады.
Планшеттергі тапсырыстар жұмадан бастап қабылданады.