Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
19 қазандағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 366,8 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны — 365,75 теңге. Сауданың жалпы көлемі 98 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 366-368,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 15.38-де барреліне 80,04 доллар болды.