Ақ үй Ресейдің АҚШ дипломаттарын қысқарту туралы шешіміне өкініш білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ үй Ресейдің АҚШ дипломаттарын қысқарту туралы шешіміне өкініш білдірді

Ақ үй Ресейдің АҚШ дипломаттарын қысқарту туралы шешіміне өкініш білдірді

АҚШ Мемлекеттік департаменті Мәскеудің Ресейдегі америкалық дипломатиялық миссия қызметкерлерін қысқарту туралы шешіміне өкініш білдірді. АҚШ сыртқы саясат ведомствосы таратқан мәлімдеме бойынша, мұндай әрекеттер өзін ақтамайды, деп хабарлады Associated Press. Мемлекеттік департамент мұндай қысқартулардың ықпалын бағалап, қарсы жауап беруді көздеп отыр.

  • 31 Шiлде 2017
  • 214
Фото - Caravan.kz

Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин америкалық дипмиссияның 755 жұмысшысы қысқаратынын мәлімдеген. Олардың ішінде АҚШ азаматтары мен ресейлік қызметкерлер де бар. Миссия штаты 455 адамнан тұрады, дәл осынша адам АҚШ-тағы ресейлік дипмиссияда жұмыс істейді.

Ресей билігі мұндай қысқартулар болатынын 28 шілдеде жариялады. Мұндай шешім АҚШ Конгресінің Ресейге қатысты санкцияларды күшейту туралы заң жобасын мақұлдауына жауап ретінде қабылданды.


Соңғы жаңалықтар