«Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы үкіметтен Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне төленетін сыйақыны теңестіруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы үкіметтен Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне төленетін сыйақыны теңестіруді сұрады

«Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы үкіметтен Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне төленетін сыйақыны теңестіруді сұрады

Қазақстандық Паралимпиада және Сурдлимпиада жүлдегерлеріне төленетін сыйақы мөлшері Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына берілетін қаражаттан кем болмауы тиіс. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы депутаттары мәлім етті.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 632
Фото - Caravan.kz

«Ақ жол» фракциясының депутаттары үкіметтен осы әділетсіздікті жойып, Паралимпиада мен Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздарына төленетін сыйақыны Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақымен теңестіруді сұрайды», — деді сәрсенбідегі жалпы отырыста үкімет басшысы Серік Ахметовтың атына жолдаған сауалмен таныстырған депутат Меруерт Қазбекова.

Ол Сочидегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына «қазақ спортының тарихында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыздың қатысқанын» атап өтті. «Біздің паралимпиадашыларымыз медаль ала алған жоқ. Сонда да әлемде мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістіктері қарапайым спортшыларға қарағанда жоғары бағаланады. Өйткені, олар жеңіс жолында қарсыластарын ғана емес, өзін өзі, өз ауруын жеңуі тиіс», — деді М.Қазбекова.

Қазақстанда Олимпиада жеңімпаздарына 250 мың долларға дейін сыйақы тағайындалған. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға берілетін сыйақының ең көбі 50 мың доллар. Яғни, он екі мүшесі сау спортшылардікімен салыстырғанда 5 есе кем. Ал, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер беру сынды ынталандыру түрі мүлдем қарастырылмаған, деді депутат.