Ақкөлде экологиялық туризмге арналған халықаралық туристік форум ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақкөлде экологиялық туризмге арналған халықаралық туристік форум ашылды

Ақкөлде экологиялық туризмге арналған халықаралық туристік форум ашылды

Бүгін Ақмола облысының Ақкөлінде «Жаңа Ақкөл - Эконолиялық туризмнің орталығы» І халықаралық туристік форум өз жұмысын бастады, деп хабарлады www.strategy2050.kz.

  • 9 Ақпан 2015
  • 957
Фото - Caravan.kz

Форум шеңберінде «Экологиялық туризм: тарих, қазіргі заман, инновациялар» ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Оған Ақкөл ауданының әкімі В. Елисеев, «Астана ЭКСПО-2017»АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахимбекова, Ақмола облысының туризм басқармасының бастығы Шынарбек Батырханов, «Табиғат» экология одағы мен Қазақстан кәсіпорындары қауымдастығының президенті  Мэлс Елеусізов қатысуда.

Ақмола облысының ішкі саясат бөлімі хабарлағандай, ЕХРО-2017 көрмесі қарсаңында Ақмола облысы мен Ақкөлде экологиялық туризмді дамыту әлеуеті, осы саладағы өзге мемлекеттердің тәжірибесі, Қазақстанның шағын қалаларының оны пайдалану мүмкіндігіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға Ақкөл ауданын одан әрі дамыту үшін «Ақкөл жас курорттық қала», «Экополис Ақкөл» жобалары таныстырылды. 


Сөз сөйлегендер атап өткендей, Ақкөлдің экологиялык туризм саласында болашағы зор — ол туралы оның аумағының мүмкіншіліктері айтып тұр.

Жалпы шараны ұйымдастырушылар «Тұрақты даму» жер қоры» ҚБ, «Қазақстан атақоныстары» РҚБ, «Әлем Жастары» шетелде білім алып жатқан жастардың қауымдастығы. Форум ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.