Ақмола мен Қостанайға жауған бұршақ жұртты мол шығынға батырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола мен Қостанайға жауған бұршақ  жұртты мол шығынға батырды

Ақмола мен Қостанайға жауған бұршақ жұртты мол шығынға батырды

Ақмола мен Қостанай облыстарында жұдырықтай бұршақ жауды. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Көкшетау іргесіндегі Құмдыкөл мен Ұлан ауылдарына айтарлықтай зақым келген. Бақшадағы көкөніс атаулы жермен жексен. Мектеп пен тұрғынүйлердің терезелеріне дейін сынған. Тіпті бұршақтан құсқа дейін қырылыпты.

  • 8 Шiлде 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Кешкілік басталған жауынның соңы алаң-дүлей дауылға ұласқан. Бораған бұршақтың екпінінен шошыған жұрт зәре құты қалмай үйлеріне тығылыпты.

Надежда Егорова, Құмдыкөл ауылының тұрғыны:

-Көзді ашып жұмғанша, бәрін жайпап өтті. Мен өзім 80 түп қызанақ егіп едім, таяқтары ғана қалды. Картоптың түрі анау. Дымға жарамай ды.

Мектеп басшылығы да оқушылар асханасы үшін отырғызылған картоп, сәбізден мүлдем айрылдық дейді. Жұмыртқадай бұршақтың қатты жауғаны сонша үйлер мен білім ошағының терезелеріне дейін сындырған.

Гүлжан Асайынова, мектеп мұғалімі:

-Бұршақ үлкен болып жауды. Бәрін бәрін жайратып соғып тастады. Мыналар жаңа жаңа гүлдеп келе жатқан.

Тіпті құстарға дейін бұршақ тиіп, қырылып қалған. Қанаттылардың өлексесі әр жерде шашылып жатар.

-Айтпай келер апат құмдыкөлдіктерді қапы қалдырған.Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ауыл тұрғындары тым болмаса сырттан көмек болар ма екен дейді. Бірақ әзірге ауылға ат басын тіреген не басшы не қосшы жоқ.

Арнайы комиссия жапа шеккен ауылдарға енді бара жатыр. Кімге қандай көмек берілетінін енді солар шешуі тиіс.


Қайрат Омаров, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары:

-Қазір бірігіп ауылды түгел көріп шығамыз. Төтенше жағдай қызметі де осында. Жағдайды бара көреміз.Шығын есептеліп, өтемақы жайы ары қарай ауданда шешілетін болады.Ауыл тұрғындары ғана емес, егістік алқаптарына да зақым келген.

Дәл осындай табиғат құбылысы Қостанай облысында да байқалып отыр. Комсомол ауылында жауған ірі бұршақ бау бақшаларды ғана емес, көліктерді де қиратқан.