Ақмола облысы өз мүмкіндігін мал шаруашылығын дамыту үшін толық пайдаланып отырған жоқ - ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы өз мүмкіндігін мал шаруашылығын дамыту үшін толық пайдаланып отырған жоқ - ауылшаруашылығы  министрі

Ақмола облысы өз мүмкіндігін мал шаруашылығын дамыту үшін толық пайдаланып отырған жоқ - ауылшаруашылығы министрі

Астана. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысы өз мүмкіндігін мал шаруашылығын дамыту үшін толық пайдаланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Көкшетау қаласында облыс әкімінің есеп беруіне арналған қоғамдық жиналыста ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Ақпан 2008
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Әзірге сіздерде ірі қара ішіндегі асыл тұқымды малдың үлесі бар болғаны 2,8 пайызды, қой ішінде — 0,9%, жылқы ішінде — 0,5%, құс бойынша — 0,7% құрап отыр. бұл республикадағы орташа көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Ал шошқа шаруашылығына келер болсақ, облыста тіпті асыл тұқымды шошқа да жоқ», — деп мәлімдеді А. Есімов.

«Мал шаруашылығында күш, біріншіден, малдың генетикалық мүмкіндігін арттыруға, екіншіден, орта және ірі тауарлы фермаларды құру және оларды өндірістік негізге айналдыру жолымен өндірісті ірілендіруге жұмсалуы керек», — деп еске салды ол.

Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, өндірісте жекеменшік қосалқы шаруашылықтардың үлесі басым болып келеді.

«Мысалы, осы облыста сүттің 95 пайызы мен еттің 92 пайызы жеке шаруашылықтарды өндіріледі. Қайта өңдеу өнеркәсібіне келетін шикізат сапасының төмендігі осыдан келіп шығады», — деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, «мал басының өсуі жағынан Ақмола облысының көрсеткіштері республиканың орташа көрсеткіштерінен 3 есе төмен».

«Мұның барлығы табиғи-климаттық жағдайлар мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болуына қарамастан осы саланың деңгейінің төмендігін көрсетеді», — деді ауыл шаруашылық министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті