Сұғанақтар көбінесе қымбат телефондарға құмар екен. Олар ұрлықты кез-келген жерде жасай береді. Тіпті бір қоңырау соғу үшін бейтаныс адамның телефонын жалына сұрап алып, қаша жөнелетіндер бар. Осылайша қалта телефонынан айрылған 300 адамға заттары қайтарылыпты. Ұры-қарылар олжасының көпшілігін сатып жібереді, ал тілін таппай жатса біржолата көзін құртады екен. Содан кейін жоғалған дүниені анықтау мүмкін болмайды дейді полицейлер.