Ақмола облысында әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды пышақтап өлтірді

Ақмола облысында әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды пышақтап өлтірді

Ақмола облысында 55 жастағы әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің мәліметі бойынша, жантүршігерлік оқиға желтоқсанның 9-ы күні түнгі сағат 23:30 шамасында Шаңтөбе кентінде орын алған. 1959 жылғы әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның жүрек тұсынан пышақ сұғып алған. Ауыр жарақаттан ол сол жерде көз жұмған. Ал, әйел болса, 40 минут өткеннен соң барып кісі өлтіргені жөнінде көршісіне хабарлаған. Көршісі дереу жедел жәрдем қызметін шақырғанымен дәрігерлер ер адамның өміріне араша түсе алмады.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 103 бабының 3 бөлімі (қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.