Ақмола облысында алапат өрт диқандарды тұқымсыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында алапат өрт диқандарды тұқымсыз қалдырды

Ақмола облысында алапат өрт диқандарды тұқымсыз қалдырды

Ақмола облысында алапат өрт тура егістік науқаны алдында бірнеше шаруашылықты тұқымсыз қалдырды. Тілсіз жау жүздеген тонна шемішке мен бидай сақталған қойманы түгел шарпыған. Салдарынан 1200 шаршы метр аумақ күлге айналды. Онсыз да былтырғы өнімін түгел жинап үлгермей, ысырап қылған Еңбекшілдер ауданының диқандары енді биыл да шаш етектен шығынға батып отыр.

  • 6 Мамыр 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

Өрт тапа-тал түсте маңайдағы кепкен шөптен шыққан. Қырман басындағылар сол уақытта түскі асқа кетсе керек. Кеулеп жана бастаған отты байқаған жұрт жабылып сөндірмек болыпты. Бірақ, жел бой бермеген. Өрт өршеленіп, қоймаға қалай жеткенін аңғармай қалдық дейді қырман басындағылар.

-Өрт күш бермеді. Жел ғой.

-Кеше түсте басталды ма?

-Бәрі қарап тұр, бәрі байқап тұр, бірақ бой бермейді, жел күшті болды.

Қоймада 134 тонна күнбағыс пен 45 тонна бидай тұқымы болған. Аман қалған азын-аулақ астықтың өзіне күйген бидай араласып, түтін иісі сіңіп кеткен екен. Сол жердегі Невское ауылының тұрғындары, шаруашылық жұмысшылары, өрт сөндірушілермен бірге алапат өртті таң атқанша алысқан.

 Жұмабек Әубәкіров,Донской ауылдық аймағының әкімі:


-Жел секундына  25-30 метрге дейін соқты.  Ыстық болды. Өрт тез көтеріліп кетті.

Диқандар былтырғы сепкенін де әлі толық жинап үлгермеген. Қазір комбайндары қыс бойы қар астында жатқан осы өнімдерді жинап, жанталасып жатыр.     

-Шаруашылықта әсіресе майлы дәнді дақыл тұқымы түк қалмай өртеніп кеткен. Ал мынау мыңдаған гектар алқаптағы күнбағыс. Қазір шаруашылық осы күнбағысты жаппай жинап жатыр. Бірақ, қыстай қар астында қалған дән енді тұқым қылуға да жарамайды.

Қазір оқыс оқиғаның шығу себебін өрт сөндірушілер тексеріп жатыр. Қойма иесінің өзі Түркияға кетіпті. Бар кінәні ауа-райына арта салған басқа басшылары сұхбат беруден бас тартты.