Ақмола облысында археологтар ежелгі сармат тайпасының қорымын тапты
Ақмола облысының Зеренді ауданында сармат жауынгерінің қорымы табылды. |
«М.Гумилев атындағы Еуразия университетінің археологиялық экспедициясы Айдарлы ауылы маңынан қола дәуіріне жататын елдімекен орны мен біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдағы сармат жауынгерінің қорымын тапты», - деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Көкшетауминводы» ЖШС бастығының ғылым жөніндегі орынбасары Евгений Пятов хабарлады.
Қорым «Көкшетауминводы» компаниясына тиесілі «Кең өткел» қайнары маңынан табылған.
Е.Пятовтың айтуынша, қорым дін-аман. 2,5 метр тереңдікте «дәулеті орташа тапқа кіретін жауынгердің мүрдесі сақталған» дейді ол.
Мүрденің қасында қысқа болат қылыш, садақ оғы, құмыралар, сырға мен құрбандыққа шалынған малдың сүйегі жатыр, деп қосты ол.
Қазір қазба жұмыстары жалғасып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін