Жарияланды: 470

Ақмола облысында асыл тұқымды үш бас бұзауды ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында асыл тұқымды үш бас бұзауды ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында асыл тұқымды үш бас бұзауды ұрлаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақкөл аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің директоры хабарласып, санақ кезінде 5-6 айлық үш бас ангус бұзауларының жетіспейтінін айтып шағымданған. Жалпы, шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.

Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында жергілікті, Ақкөл ауданының 1986 жылғы тұрғыны қолға түсіп, ұрланған малдың жүрген жері анықталды.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін