Жарияланды: 360

Ақмола облысында демалыс орнында болған өрттен 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында демалыс орнында болған өрттен 1 адам көз жұмды

Целиноград ауданының Малотимофеевка кентіндегі демалыс орнында өрт болып, оқиға орнынан 1 адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 20-шы қараша күні түнгі 01:22 минут шамасында «Балқарағай» демалу орнындағы жұмысшыларға арналған жатақхана ғимаратында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға  облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астана қалалық ТЖД  «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 8 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы,  Астанадағы АМО жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 1979 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін