Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды

Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша З-ға  қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Сот анықтағандай, азаматша З. бірге тұратын азаматтық некедегі ер адаммен спирттік ішімдік ішкен. Спирттік ішімдік ішу барысында, екеуінің арасында жанжал туындайды, азаматша З. ас пышағымен ер азаматтың жүрегіне соққы берген. Алған дене жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды.

Сот үкімімен, азаматша З. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен тоғыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.