Ақмола облысында газдан уланған жұмысшы құдық ішінде көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында газдан уланған жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

Ақмола облысында газдан уланған жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

Ақмола облысының су арнасы қызметінде тағы қайғылы оқиға! Осы жолы кәсіпорынның екі жұмысшысы Красный яр кентіндегі кәріз құдығын тазалаймыз деп газдан уланып, бір азамат құдық ішінде көз жұмды. Екіншісі ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жеткізілген.

  • 1 Шiлде 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, түс ауа «Көкшетау су арнасының » екі жұмысшысы кәріз құдығын ашқан. Бірі түсе салысымен, жанұшыра айқайлап көмек сұрапты. Сырттағы екінші жұмысшы оны құтқарамын деп тар құдыққа ұмтылған кезде баспен төмен қарай құлаған. Екеуі де, кәріз құдығындағы сасық суға құлап, улы газдан тұншыққан екен. Құтқаруға ұмтылған 52 жастағы жұмысшы құдық ішінде жан тапсырды. Екіншісін сол жерде жол жөндеп жатқан жігіттер келіп шығаруға тырысқанымен, өздері де күлімсі иістен талып қала жаздапты. Тірі қалған жұмысшы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәл осындай оқиға жақында ғана Бурабай су арнасында болған. Онда канализациялық бекетте газдан 3 бірдей адам уланып, көз жұмды. Бірақ, қайғылы жағдай басқаларға сабақ болмай отыр.