Ақмола облысында көмір тиелген вагоның жолдан шығып кетуіне байланысты екі пойыздың қозғалысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында көмір тиелген вагоның жолдан шығып кетуіне байланысты екі пойыздың қозғалысы тоқтатылды

Ақмола облысында көмір тиелген вагоның жолдан шығып кетуіне байланысты екі пойыздың қозғалысы тоқтатылды

Ақмола облысында темір жол бойында көмір тиелген вагондардың бірінің жолдан шығып кетуіне байланысты екі пойыздың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 14 Ақпан 2014
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бурабай ауданында Бурабай-Жамантұз стансасының 247 шақырымындағы жол торабында бүгін түн ауғанда 00.35-те Екібастұз стансасы — Зауралье стансасы бағытындағы №1683 жүк пойызының көмір тиелген вагондарының бірі жол бойынан шығып кетті. 07.00 кезіндегі жағдай бойынша  «Павлодар-Пресногорьковское» бағытындағы №339 пойыз жеті сағатқа, «Астана-Петропавл-Қызылту» бағытындағы №623 пойыз алты сағатқа тоқтатылды.

Төтенше жағдайды жоюға бір қалпына келтіруші пойыз, «ҚТЖ» ҰК АҚ Көкшетау стансасының 70 қызметкері мен Бурабай ауданының ТЖБ жұмылдырылды.