2012 жылдың наурыз айында «Ақмола облыстық білім басқармасының № 6 кәсіби лицейі» ММ мен жеке кәсіпкер арасында құрылғыны жеткізу бойынша келісімшарт жасалған. Тауарды жеткізу мерзімі келісімшартта 2012 жылдың наурызында деп көрсетілген. Шартқа сәйкес қаржы толығымен төленді, алайда тауар көрсетілген уақытта жеткізілмеді.
Тергеу амалдарының материалдары бойынша лицей директоры өз міндетін пайдаланып, жеке кәсіпкердің шотына 1 млн. 700 мың. теңгені заңсыз аударып, мемлекетке шығын келтірген.
Оған байланысты 176 баптың 3 бөлімі «б, г» тармағында қарастырылған қылмысқа қатысы бар деген күдік туындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.