Ақмола облысында мешітті тонап кеткен күдіктілер іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында мешітті тонап кеткен күдіктілер іздестірілуде

Ақмола облысында мешітті тонап кеткен күдіктілер іздестірілуде

Ақмола облысының Ақкөл қаласында мешіттегі қайырымдылық ретінде салынған жәшіктегі ақшаны жымқырып кеткен күдіктілер іздестірілуде.

  • 27 Шiлде 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақкөл аудандық ішкі істер басқармасына  қалалық мешіттің бас имамы жүгенген. Оның айтуынша,  мешіттің терезесі арқылы ішке енген күдіктілер арнайы жәшіктің ішінен қайырымдылық ретінде салынған ақшаны қолды қылған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-іздестіру шарасы қолға алынуда. Сондай-ақ,  ұрланған қаржының көлемі анықталуда.