Жарияланды: 490

Ақмола облысында мұғалім әйелін өлтірген 1963 жылғы ер адамға іздеу жарияланды

Ақмола облысында мұғалім әйелін өлтірген 1963 жылғы ер адамға іздеу жарияланды

Ақмола облысында мұғалім әйелін өлтірген 1963 жылғы ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Күдікті Александр Александрович Серебренников 1963 жылдың 17-ші маусымында Ресей Федерациясының Удмуртия Республикасында туған. Қазақстанда Павлодар қаласындағы Айманов көшесі 42/17 мекен жайы бойынша тіркеліп, Көкшетауда қаласында тұрып келген.
Бұрын сотты болған. 
Соңғы кездері қаза болған Көкшетаудағы №11 орта мектеп мұғалімі 1965 жылғы С.Скрыпинамен бірге тұрған. 
Көкшетау қалалық ІІБ оны көрген адамдар болса, мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8-(7162) 29-96-29, 25-78-05, 29-96-00, 29-96-55, 8 705 103 52 23, 8 771 830 51 11 немесе «102».
Еске сала кетсек, қарашаның 21-і күні сағат 14:45 минут шамасында Көкшетауда қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыс орталығындағы №11 орта мектеп мұғалімі 1965 жылғы С.Скрыпина өз үйінде дене және пышақ жарақатынан көз жұмғаны жөнінде ақпарат түскен. Осыған орай, онымен бірге тұрып жатқан күйеуі Александр Серебренников күдікке алынған болатын. Полицейлердің мәліметі бойынша, оның осыған дейін де өзінің әйелін өлтіргені үшін сотты болғаны анықталып отыр. Ол марқұмның үйіндегі алтын бұйымдары мен ақшасын алып із суытқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін