Ақмола облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты
Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында жай үйде шыққан өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балкашино ауылы Киров көшесінде 10 тамызда сағат 10.08-де жай үйде 52 шаршы метр аумақта өрт шықты.
Өрт салдарынан үш адам мерт болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 11 сағат 32 минутта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін