Жарияланды: 420

Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 6 адам опат болды

Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 6 адам опат болды. Тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізілген. Біреуінің жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр.

 Астана-Павлодар тас жолы бойында соғылған екі автокөліктің бірі -«Петропавл су» АҚ-на тиесілі. Ал екіншісі – жолаушы таситын жекеменшік шағын автобус. 12 адам мінген автобус Моңголияға бара жатыр екен.

Серік Бекішев, Ақмола облыстық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің инспекторы:

- Астанаға бара жатқан петропавлдық жеңіл автокөлік белгісіз себептермен жолдың оң жағына қарай бұрып, қарсы бетке шығып кетіп, шағын автобуспен соғылған.  Кімнің кінәлі екендігі анықталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін