Ақмола облысында шаруа заңсыз алтын өндірумен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында шаруа заңсыз алтын өндірумен айналысқан

Ақмола облысында шаруа заңсыз алтын өндірумен айналысқан

Алтын іздеген шаруа. Ақмола облысында 43 жастағы шаруа қожалығының басшысы мал өсірумен қоса, Степногор қаласы маңындағы кеніштерде алтын өндірумен заңсыз айналысқан.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Ол шаруашылық аумағында алтын қосындысы бар құм қиыршықтарын шайып, оны өңдейтін астыртын цех ашыпты. Тінту кезінде кабинетіндегі сейфінен 6 дана алтын құймасы шыққан. Жалпы салмағы 1 келі. Сондай ақ, кен орындарында қолданылатын 70 дана «аммонит»жарылғыш заты  табылды. Бұдан бөлек үйінен 1 млн ресей рублі мен 1 мың доллар табылды. Шаруаның «Оса» тапаншасы мен «Хугла» мылтығы да бар екен.