Ақмола облысында соңғы екі жылда 31 мың алқап мемлекет меншігіне қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында соңғы екі жылда 31 мың алқап мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысында соңғы екі жылда 31 мың алқап мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысында соңғы екі жылда 937,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары анықталып, оның 31 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл жөнінде өткен жылдың қорытындысы мен 2014 жылғы міндеттеріне арналған баспасөз барысында Ақмола облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадырәлина мәлім етті.

  • 14 Ақпан 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша,  аймақ бойынша 2012-2013 жылдары барлығы 6978,6 мың гектар жерде түгендеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 937,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары анықталған. Бүгінгі күні оның 31 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылса, 179,1 мың гектары қайтадан пайдаланыла  бастады. Ал, 320,7 мың гектар алқапқа қатысты материалдар аумақтық жер инспекциясына жер заңнамаларын сақтау бойынша тексеріс  жүргізуге жіберілген. Сондай-ақ, аумағы 406,2 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.

«Сонымен қатар, өңірде тұрғын үй құрылысы үшін ұсынылып, пайдаланылмай жатқан 9 249 жер учаскесі де анықталды. Оларда негізінен жалға алу келісім-шарты бұзылған. Бұл жерлердің біразын иелері өз еркімен қайтарса, қалғанын сот шешімі арқылы тартып алуға тура келді. Ал, облыста осындай жер телімдерін алуға 85 мыңға жуық адам кезекте тұр. Әсіресе, Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласында жер аламындеушілер саны басым», — дейді Алмагүл Қадырәлина.