Ақмола облысында суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды
![]() |
Ақмола облысында демалыс күндері суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды. |
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Тамыздың 1-і күні сағат 17:15 минут шамасында Ақылбай ауылында Кіші шабақты көліне шомылмақ болған 1966 жылғы ер адам суға батып кеткен. Іздестіру шарасына ТЖД жедел құтқару отрядының жеке құрамынан 4 қызметкер және 1 суда жүзу құралы жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде ер адамның мәйітін жағаға алып шықты.
Сондай-ақ 2 шілде күні Зеренді ауданының Садовое селосында Шағалалы өзеніне батып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды. Сондай-ақ дәл осы күні Целиноград ауданының Караөткел ауылында Қарасу өзеніне суға батып кеткен Астана қаласының тұрғыны 6 жастағы баланың денесі шығарылды» делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін