Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету жүйесіне қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын құру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету жүйесіне қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын құру жоспарлануда

Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету жүйесіне қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын құру жоспарлануда

Көкшетау. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында "Ақмола Су арнасы" шаруашылық құқығын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2007
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Егіндікөл Су» және «Нұра топтық суқұбыры» мемлекеттік екі кәсіпорын негізінде «Акмола Су арнасы» шаруашылық құқығын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру жоспарлануда.

Су құбырлары Егіндікөл, Целиноград, Қорғалжың аудандарында өтетіндіктен, аталған кәсіпорын оларға қызмет көрсететін болады.

«Бұл кәсіпорын су жүйелерін бақылап, сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, сол өңірдің көлік жолдарына жауап береді» — деді Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев.

Кәсіпорын үшін арнайы құрал- жабдықтармен қатар тас жолдарды тазалайтын және жөндейтін көлік техникасы сатып алынады. Облыс басшысы атап өткеніндей,

«өйткені, мұндай кәсіпорындар өз тарапынан мұндай талаптарды орындай алмайды. Сондықтан, біз оларды біріктіріп, қосымша міндеттерді жүктедік. Бұл мәселе, қыстың көзі қырауда, аудан әкімдерінің жолдарды қардан тазалай алмай отырғанда, әсіресе маңызды.»

Облыстық статусқа ие болатын ауданаралық тағы да бірнеше кәсіпорындарды құру жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті