Ақмола облысында тура оқу қарсаңында бір ауылдың балалары мектепсіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында тура оқу қарсаңында бір ауылдың балалары мектепсіз қалды

Ақмола облысында тура оқу қарсаңында бір ауылдың балалары мектепсіз қалды

Ақмола облысында жаңа оқу жылы қарсаңында шу шықты. Мектеп жабылады деген хабар сабақ басталуына санаулы апта қалғанда Ақмола облысының Ақтас ауылы тұрғындары үшін күтпеген хабар болды. Шатыры опырылып, төбесінен су сорғалаған апатты білім ошағы жөнделеді деп ауылдықтар жаз бойы үміттенген еді. Бірақ шенеуніктер мәселені шешудің оңай жолын тауып, 100 шақты оқушы көрші ауылдағы мектепте білімін жалғастырады –деп шешкен. Бірақ бірнеше шақырым жердегі мектепке сабылтып қоюға қарсы болған ата-аналар енді балаларын мүлдем оқуға жібермейміз деп отыр.    

  • 13 Тамыз 2013
  • 327
Фото - Caravan.kz

Балалар осы күнге дейін оқып келген мектеп –мектеп емес, бұрынғы элеватор директорының үйі. Оны білім бөлімі сатып алып, Ақтас ауылының мектебіне айналдырған. Алайда, шатыры опырылып, төбеден жаздай сорғалаған судан мектеп сыз тартқандықтан төтенше жағдайлар қызметі оны апатты деп тапқан.

Бәтима Әлібекова, Ақтас ауылының тұрғыны:

— Кеше ғана естідік. Оған дейін екі рет комиссия бардық 5 адамнан әкім бізге айтқан школ жабылмайды деп.Енді дәл аз уақыт қалып тұрғанда біз барлық ата-аналар шешіп отырмыз, мектепті жапса, балаларды анау мектепке  апармаймыз. Қарсымыз, сұраймыз, бәріміз де жапқызбаймыз!

Дәмеш Сманова, Ақтас ауылының тұрғыны:

— Ел үлкен ел. Кішкентай 30 отбасылық ауылдардың өзінде 9 жылдық мектеп бар. 2020 бағдарламасымен мен өзім оқып келдім. Осы елге мектеп жаппақ түгүлі, балабақша ашқызамыз ба деген ойымыз бар.  1 автобуспен 100 баланы қалай тасымалдайтынын түсінбеймін?

Бұған дейін жоғары сыныптың 66 баласы көрші Еңбекшілдер ауылында оқып келген. Сондықтан оқу үшін ауыл асып жүрудің ауыр екенін ақтастықтар жақсы біледі.

Егер мектеп жабылса, 3 жарым шақырымдағы  Еңбекшілдер ауылына Ақтастан 98 бала қатынап оқитын болады. Ата-аналар қақаған қыста 7-8 жастағы балақандарды қалай жібереміз деп алаңдаулы. Сондықтан да қолымыздан келгенше, мектепті жапқызбауға тырысамыз дейді.


Элеватор директорының үйін сатып алған әкімдік тұрғын үйді білім ошағы ретінде рәсімдеп, техникалық құжат жасау керектігін естен шығарған. Сондықтан жөндеу жұмыстарына қаржы аударылмайды. Ал 4 жыл бұрын бөлініп кеткен 7 млн теңге қайда кеткені белгісіз. Ол үшін енді жауап беретін жан жоқ.

Гүлайым Шакупова, Еңбекшілдер аудандық оқу бөлімінің бастығы:

— Мен оны айта алмаймын,мен ол кезде жұмыс істегем жоқ.

Ал ата-аналар болса, балаларын көрші ауылдағы мектепке жібермейтін боп шешкен. Олар тіпті, мектепті бюджеттің көмегінсіз-ақ өздері жөндеуге де келісіп отыр.