Ақмола облысында заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

Ақмола облысында заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

Ақмола облысында құжаттары жоқ алкоголь өнімдерін сатып келген бірнеше кәсіпкердің жұмысы тоқтатылды. Олардан бас-аяғы 45 мың шөлмекке жуық алкоголь өнімдері тәркіленген.

  • 7 Сәуiр 2017
  • 338
Фото - Caravan.kz

Бұл — жыл басынан бергі көрсеткіш. Ал өткен жылы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 111 мыңнан астам шөлмек заңсыз алкоголь өнімдерін анықтап, оларды айналымнан алып тастаған. Сондай-ақ, былтыр 3 миллион 633 мыңға жуық жалған бақылау маркасы табылыпты. Осылайша өңірде өткен жылы аталған сала бойынша 14 қылмыс ашылып, кінәлілер тиісті жазасын алды. Мамандардың айтуынша, өкінішке орай, облыста заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру және сату көрсеткіші кемімей тұр. Айталық, жақында ғана Зеренді ауданынан 28 млн теңгенің 26 тонна спирті тәркіленген.

— Былтыр облыста астыртын алкоголь өнімдерін өндіріп келген 5 бірдей цехтың жұмысына тосқауыл қойылды. Ол іс бойынша сот шешімі шығып, кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Сондай-ақ, өткен жылы заңсыз спиртті сумен араластырып, оны 5 литрлік құтыларға құйып сатқан қылмыскерлер де өз жазаларын алды, дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма жетекшісі Айдос Жетпісбаев.