Ақмола облысында жалақы ала алмай қиналғанжұмысшылар бас көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жалақы ала алмай қиналғанжұмысшылар бас көтерді

Ақмола облысында жалақы ала алмай қиналғанжұмысшылар бас көтерді

Ақмола облысында мардымды жалақы алмай, қиналған Макинск механикалық зауытының қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты. Айына небәрі 30-40 мың теңге еңбекақы алып келген олар, соңғы айда одан да қағылған. Бәрінен бұрын, жаңа оқу жылы алдында көк тиынсыз отырғандар балаларын мектепке аттандыра алмауымыз мүмкін деп қынжылады. Жағдайдың ушыққанын түсінген зауыт диреторы арыз жазып, қашып кетсе, құрылтайшылары қаражат жоқ деп ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр.

  • 22 Тамыз 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz

Жайшылықта жұмысы қайнап жататын завод цехтары қазір тым тырыс. Жұмысшылар жалақымызды төлемейінше мүлдем жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін жасайтын Макинск механикалық зауыты 9 жылдан бері жекенің қолына көшкенімен, тарихы әріден басталады. 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан мамандар үшін жақында күтпеген жағдай орын алды. 100 миллион теңгенің өнімі жарамсыз болып қалған. Басшылар бұған жұмысшыларды кінәлап, жалақы төлемей қойыпты.

Нұргелді Шалабаев, зауыт жұмысшысы:

— Білмеймін қайда жіберіп жатқанын, бізді ол қызықтырмайды. Бізге ең бастысы істеген жұмысымызға ақшасын беруі керек.

Содан бері айлық ғана емес, еңбек демалысына шыққандарға да ақы төленбепті. Ал жұмыс киімдерінің тоз-тозы шыққан.

Жұмысшылар бұған дейін де зауыттағы жағдайды айтып құзырлы орындардың барлығына шағымданған. Бірақ, еш өзгеріс жоқ. Сондықтан жұмыстан бас тарттық дейді. Жағдайдың ушыққанын сезген зауыт директоры арыз жазып қашып кетіпті. Ал мына азамат негізгі құрылтайшы.


Михаил Захаров, Макинск механикалық зауытының құрылтайшысы:

— Кәсіпорында ақша жоқ. Мен не істеуім керек. Қазір барлық жағдайды қарастырып жатырмыз. Өнім жарамсыз болып қалды. Оған кім кінәлі. Жұмысшылар бракпен шығарған бөлшектерді. Енді өздері қиналып отыр. Бұл бір күнде шешілмейді.

Жалақының берілмеуі әсіресе көпбалалы отбасыларға қиын тиіп тұр. Тура оқу жылы қарсаңында балалары мектепке дайындалып үлгермеген.

Сайраш Жарболғанова,көпбалалы ана:

— Балалар мектепке дайын емес. Мынау қызмүлдем киімсіз, ештеңе алған жоқпыз. Анау екі ұл бұрынғы киімдерімен барады.

-Дәптер, қалам?

-Әлі алған жоқпыз ақша жоқ.

Ақшаның жоқтығынан басқа жұмысшылар да осылай қиналып отыр. Қазірдің өзінде 100 шақты адам зауыттан өз еріктерімен шығып, жұмыс іздеп кеткен.