Ақмола облысында жоғалған қызды еріктілер дронның көмегімен іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жоғалған қызды еріктілер дронның көмегімен іздеуде

Ақмола облысында жоғалған қызды еріктілер дронның көмегімен іздеуде

Ақмола облысында жоғалып кеткен 2 жастағы қызды еріктілер дронның көмегімен іздеуде.

  • 13 Мамыр 2016
  • 486
Фото - Caravan.kz

Еріктілердің арасында іздеу аймағын квадрокоптерге түсіру үшін шақырылған видеоблогер Виталий Перов те бар.

«Таныстарым жоғалған қызды іздеуге дронмен баруды сұрады. Іздеу аумағында адамдар қарасы көп болды. Жаяу, атпен, квадроциклмен іздеп жатыр. Қыздың жоғалған жерінен түсірілген бейне жазбада өзенге түсетін жол көрініп тұрса,  қарсы жақта толған машиналар тұр. Өзен суы қатты толқыннан лайланып, асты көрінбейді. Сонымен қатар,  қыздың жоғалған аумағынан қашықтықта орналасқан Романовка ауылын да бейне жазбаға түсірдім.

Қыздың аман табылатынына үміттенемін», деп жазады автор.

Еске сала кетейік,  келеңсіз жағдай 10 мамыр күні Целиноград ауданының Р.Қошқарбаев атындағы ауылының маңында Нұра өзенінің жағасында орын алған болатын. Осында демалуға барған үш адамнан тұратын астаналық отбасы 2 жастағы қызын жоғалтып алады. Кейін баланың ойыншығы өзен жағасындағы 6 метр биік жардан табылады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары одан әрі жалғастырылуда.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жоғалған Кульдина Эллина Павловна 22.06.2014 жылы туған.


«Үстіне хаки түсті куртка, сарғыш түсті ши барқыт шалбар,  қызғылт, жасыл және көк түсті тоқылған бас киім киген. Бойының ұзындығы 85-90 сантиметр. Арықша келген,  бота көзді, құлақ қалқаны жабысқан,  ақ сары шашты, тік мұрынды.

Ол туралы қандай да бір мәлімет болса 8-716-51-25-00-2  немесе «102» арнайы телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады», деп көрсетілген хабарламада.