Ақмола облысында жол апаты орын алды, қаза тапқандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жол апаты орын алды, қаза тапқандар бар

Ақмола облысында жол апаты орын алды, қаза тапқандар бар

Ақмола облысында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алып екі адам мерт болды. Бұл мәліметті «Қазавтожол» диспетчері растады.

  • 10 Ақпан 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz


Жол апаты ақпанның 9-ы күні таңғы уақыт 08:49 минут шамасында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1340-шақырымында орын алған. Қарағанды қаласына бағыт алған «Опель вектра» жеңіл көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп,  «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Қатты соқының салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде жан тәсілім еткен. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.